"Алматы Су" Медеу ауданының тұрғындарына су беру және судан ажырату кестесін әзірледі

266

Медеу ауданында суды беру мен судан ажыратудың уақытша кестесі ағымдағы жылғы 27 шілдедегі сағат 14.00-ден 28 шілдедегі сағат 19.00-ге дейінгі кезеңде қолданыста болады. 

"Алматы Су" Медеу ауданының тұрғындарына су беру және судан ажырату кестесін әзірледі Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Медеу ауданының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтаудың шектеулі жағдайы тек табиғи құбылыстарға байланысты. Бұрын хабарланғандай, мұздықтардың қатты еруіне байланысты, қалыпты жылу, сел ағындары және өзен жағалауларының шайылып, лайлануының салдарынан таулы өзендерде бастапқы судың лайлануының өте жоғары концентрациясы сақталуда. Сондықтан су тазарту станцияларында су дайындау үшін қажетті су көлемін алу уақытша жүзеге аспауы мүмкін. Өйткені,суды зертханалық зерттеу сағат сайын жүргізіледі. Сүзгі станциясы арқылы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін лайлану деңгейі 30-40 мг/дм3 дейін төмендеуі тиіс. Қазіргі уақытта ол 170-340 мг/дм3 аралығында.

Резервуарларда суды толтыру үшін әзірленген уақытша кесте қажет.

2023 жылғы 27.07. арналған кесте

 27 шілдеде сағат 14: 00 –ден 28 шілдеде сағат 19.00-ге дейін Омаров көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушыларға, оның ішінде Керей-Жәнібек хандары көшесінің екі жағында орналасқан 25 КТК (көппәтерлі тұрғын үйлер): "Достық резиденттері" ТК Митин 4, Чайкин көшесі 3, 3а, Достық даңғылы 296, 294/2, 290, 278, 276, Тайманов көшесі 222, 224, Достық даңғылы 248, 272, 274, 270, 268, 266, 123, 123/3, 123/2, 123/1, 121, 121/3, 121/1, 121/5.

27 шілдеде сағат 17: 00-ден 24.00-ге дейін "Есентай", "Ақ Бота", "Тау Шатыр", "ЛаВерде", "Блэкберри хиллс", Тайманов к-сі бойынша КТК (көппәтерлі тұрғын үй кешендері) су беріле бастайды.

2023 жылғы 28.07. арналған кесте

28 шілдеде сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелерінің контурындағы көппәтерлі тұрғын үйге су беріле бастайды.

Омаров көшесінің оңтүстігіндегі  елді мекендерге су беру 28 шілде күні сағат 19:00-ге жоспарланған.

Сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін және сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін резервуарларға су жиналатын болады.

Сумен қамтамасыз етудің көрсетілген кестесі табиғи құбылыстарға және жағдайларға байланысты түзетілетін болады. Барлық өзгерістер туралы қосымша хабарланады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және мүмкіндігінше суаруды шектеуді және суды үнемдеуді сұраймыз.

Тұрғындар үшін желіге берілетін су көлемін ұлғайту мақсатында су тұтынудың үлкен көлемі бар объектілер (автожуу, монша) судан уақытша ажыратылды. Әлеуметтік нысандар тәулік бойы тасымалданатын сумен қамтамасыз етіледі.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезеңде суды автоцистерналармен тасымалдау жүзеге асырылады. 27 шілдеден бастап су жеткізу бойынша арнайы көліктердің жалпы саны 18 бірлікке дейін ұлғайтылды.

Сумен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты өтініштер үшін жедел желілер ұйымдастырылды. Бірыңғай диспетчерлік қызметтің телефоны: 109.

"Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметіне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болдаы: 274-66-66, +7 777 852 91 01.

Сондай-ақ, ауыз суды (су тасығыштарды) тасымалдау және биотуалеттерді орнату мәселелері бойынша өтінімдер Медеу ауданы әкімі аппаратының  мына нөмірі бойынша қабылданады: + 7 775 594 90 94.

Анықтама:

Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі сумен жабдықтау шектелген аймақта 50 көппәтерлі үй, 4 047 жеке тұрғын үй бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу