Алматы: тағы бір жүргізушінің адамды ұрып соғып құлатқаны видеоға түсіп қалды

325

​Оның видеосы әлеуметік желіде тарады. 

Алматы: тағы бір жүргізушінің адамды ұрып соғып құлатқаны видеоға түсіп қалды Фото: polisia.kz

Алматы орталығында екі жүргізуші арасындағы жанжал төбелеске ұласып, соңы нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқиға Алматыдағы Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған. Бейнежазба арқылы ер адамның жерге құлап түскенін байқауға болады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, аталған факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"1988 жылы туған М.- ның жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі кезде шабуылдаушыны анықтау және оны ұстауға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Одан кейін, сот өндірісінің материалдары шешім шығару үшін сотқа жолданады", - делінген Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Еске сала кетсек, Жетісу облысында күні кеше бір жүргізуші жол жиегінде отырған тұрғынмен сөзге келіп қалып, оны бір ұрып құлатқан еді. Жапа шегуші сол күйі тілге келмей, ауруханада қайтыс болды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу