Алматы такси жүргізушісі шетелдік туристен 150 доллар талап еткен

308

Жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналады.  

Алматы такси жүргізушісі шетелдік туристен 150 доллар талап еткен Фото: kolesa.kz

Алматыда полицейлер шетелдік туристердің заңсыз алынған қаражатын қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бостандық аудандық полиция қызметкерлері шетелдік туристерден заңсыз алынған ақшаны қайтарып берді.

"Үндістанның екі азаматы халықаралық Алматы әуежайынан қаланың жоғарғы бөлігіне дейін таксимен барғаннан кейін жүргізуші жолақы ретінде олардан 150 АҚШ долларын талап еткен, сөйтіп туристер полицияға жүгінген. Тексеру барысында жүргізушінің жеке басы жедел анықталып, заңсыз алынған қаражат шетелдік азаматтарға толық көлемде қайтарылды", – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданатыны белгілі болды.

Полиция жолаушыларды, оның ішінде қала қонақтарын алдап, заңсыз пайда табуға бағытталған кез келген әрекет заң аясында қатаң бағаланатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу