Алматы таксилеріне қоғамдық көлік жолақтарымен жүруге рұқсат беріледі

797

Бұл жеңілдік тек ресми тіркелген таксопарк көліктеріне қарастырылған.

Алматы таксилеріне қоғамдық көлік жолақтарымен жүруге рұқсат беріледі Фото: sputniknews.kz

Соңғы уақытта Алматы тұрғындары тарапынан таксилердің қызмет көрсетуі мен бағасына байланысты шағымдар көбейді. Әсіресе, тасымалдаушылардың жол ақысын қымбаттатып, чек бермей, дөрекілік таныту фактілері жиілеп кеткен, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

"Такси қызметінің сапасын жақсартып, көлеңкелі қаржы айналымының жолын кесу мақсатында әкімдік осы нарықта өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Бұл ретте қоғамдық көліктерге арналған жолақтармен ресми тіркелген таксопарктердің көліктеріне (таксометрі, кассалық аппараты, көлік ішінде ақпараттық таблосы бар, брендингтелген) жүруге рұқсат беру жоспарлануда. Осы арқылы таксилердің қызмет сапасы артып, заңсыз ақша айналымының алдын алып, таксомоторлы тасымал нарығы дамиды деп күтілуде",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу