"Алматы – Талдықорған" тасжолына жаңа радар қойылады

1264

Камералар жылдамдықты қадағалап, көліктерді деректер базасынан іздейді.  

"Алматы – Талдықорған" тасжолына жаңа радар қойылады

Екі қаланы жалғайтын жолда "Автоураган" деп аталатын 26 кешен орнатылады. Оның 10-ы Алматыға кіретін жолда тұр. 

Облыстық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың айтуынша, "ураган" кешені жылына 100 мыңнан астам ереже бұзу дерегін тіркейді. Биыл полицейлер апат жиі болатын аймақтарда 20 камера орнатуды жоспарлап отыр. Одан бөлек, "Алматы – Талдықорған" тасжолына Францияда жасалатын Mesta Fusion деп аталатын 60 кешен орнатылады. 

Иновациялы камера Нұр-Сұлтанда сынақтан өтті. Бағанаға ұқсас комплекс көліктің жылдамдығын бақылап, жолақты ауыстыруын, автобус жолына шығуын таспаға жазады. 

Өндіруші компанияның сайтында Mesta Fusion кешені сағатына 300 шақырымға дейінгі жылдамдықты анықтап, ереже бұзған көлік нөмірін 200 метрден көре алатыны жазылған. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу