Алматы-Ташкент-Алматы халықаралық бағытында жүре бастаған жүрдек пойыз бүгін елге оралды, деп хабарлайды 24Хабар.
Отарба алғашқы рейсте екі ел арасына 600-ден астам жолаушы тасымалдады. Мамандар Қазақстан мен Өзбекстан президенттері келісімінің арқасында жүзеге асқан жоба екі елдің игілігіне жұмыс істейтініне сенімді. Алматы-Ташкент жүрдек пойызын перронға жиналған қауым сән-салтанатпен жолға шығарып салды. Ұзақ сапардың машақатын білетін жолаушылар енді екі елдің арасын жүрдек пойыз байланыстырғанына дән риза. Пойыз кең шанақты отандық "Тұлпар-Тальго" вагондарынан жасақталған.
"Аптасына әзірге екі күн қатынайтын болады. Кейін жолаушылар көбейіп жатса, оны да көбейтеміз. Біздің пойыз сенбі күні, дүйсенбі күндері Ташкентке жүріп тұратын болады. Ал сейсенбі, жексенбі күндері кері қарай шығады. Билет құны қолжетімді. Отыратын орындар - 4200, купе - 9300, ал люкс - 13 мың теңге тұрады. Бала-шағасын алып туған еліне бара жатқан Наргиза Назарова поезбен жол жүру қауіпсіз екенін айтады", – дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ президенті Нұрдәулет Қилыбай.