Алматы-Ташкент тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

1119

Алматы-Ташкент тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райының күрт бұзылуы байланысты Алматы-Ташкент бағытындағы тас жолда жолаушылар автобусы мен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Қазір осы аймақта жол қозғалысына жауапты мекемелер тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар жолда қалып қойған 20 автокөлікке Жамбыл облысының төтенше жағдай қызметкерлері көмек көрсетуде. Мамандар алдағы күндері ауа райының құбылмалы болатынын айтып, азаматтардың жолға шықпауын ескертіп отыр.
Бұған дейін "Қазгидромет" қызметкерлері де Астана мен Ақмола облысының аумағында күн күрт суытады деп хабарлаған. Қазанның 19-ы мен 20-сы күндері өңірде қар жауып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Астана қаласында да жел күшейеді. Еліміздің 4 аймағында осындай ескерту жарияланды. Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл Алматы облыстарында да қазанның 19-ына қараған түні жел күшейеді. Бұл өңірлерде солтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, жол көктайғаққа айналуы мүмкін.
24.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу