Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 3 учаскесінде жол өткелдері жөнделуде.
Жөндеу жұмыстары республикалық маңызы бар автожолдың 426-250, 415-350, 344-500 шақырымдарында жүргізіліп жатыр.
"2 жол өткелінде плиталар ауыстырылып, жолдың бойын жарықтандыру аяқталды. Бүгінде жолшылар суды бұру құбырларын орнатуды бастады. Ал, 426 шақырымдағы үшінші жол өткелінде көпір үсті плиталары ауыстырылуда. Нысанда 37 бірлік жол құрылыс техникасы мен 22 адам жұмылдырылған", – деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу