14 қазан сағат 12:01-де 101 пультіне "Шымбұлақ" ТШК-нан жоғары, Тұйық су шатқалында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына Медеу ауданының өрт сөндіру есептері жеткенде ағаштан салынған бір қабатты үйшік өртеніп жатқанын анықталған. Жалынның жақын маңда орналасқан шыршаларға таралу қаупі туындағандықтан, өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, сағат 12:45-те жалынды тоқтатты.
Нәтижесінде жақын маңда өсіп тұрған шыршаларға өрттің таралу қаупі сейілді.
Өртті сөндіруге 13 өрт сөндіруші, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Белгілі болғандай, аталған үйде альпинистер болған, олар үйден шығып кеткен соң, өрт шыққан.
Құралай Құдайберген