Алматы тауларында құтқарушылар жас жігіттің мәйітін тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылардың айтуынша, қайтыс болған адам 30 жаста болған. Оның неден қаза тапқаны әзірге белгісіз, оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайды.
"Алматы-Алагир асуына жақын орналасқан Проходное шатқалында ер адамның денесі табылғаны туралы шақыру түсті. РЖҚЖ құтқарушылары Алматының құтқару қызметімен бірлесіп, 1994 жылы туған ер адамның денесін Жусалы-Кезен асуына тасымалдап, полиция қызметкерлеріне тапсырды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу