Қалалық полиция департаменті Медеу ауданындағы саяжай алқабынан қару-жарақ табылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында полицейлер ИЖ маркалы тегіс ұңғылы мылтықты, тапаншаға ұқсас затты және 16-калибрлі алты оқ-дәріні анықтаған.
– Қазір тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар қарудың қайдан шыққанын, кімге тиесілі екенін және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды. Полиция азаматтарды қару немесе оқ-дәрі тауып алған жағдайда оларға қол тигізбей, дереу "102" нөміріне хабарлауға шақырады, – деп мәлімдеді департаменттен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу