Оның айтуынша, Алматыда өрт қаупі кезеңі басталып кетті.
Бүгінгі күні орман алқаптарын патрульдеу кестесі әзірленді. Әсіресе, демалыс және мереке күндері ерекше бақылауға алынады.
Орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша демалушылар арасында белсенді түрде үгіт-насихат жұмысы жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Алматы тауларындағы өрттер дронның көмегімен бақыланады.
"2 мамырдан бастап рейд жүргізе бастадық, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері бір от тұтату фактісін анықтады. Тәртіп бұзушыға 100 АЕК (345 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды", - деді спикер.