Алматы тауларында 10 қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазселденқорғау" мәліметіне сілтеме жасап.
"2024 жылғы 17 сәуірде Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінің қар көшкін жинағыштарында жалпы көлемі 55320 текше метр болатын 10 көшкін өздігінен шықты. Зардап шеккендер мен қираулар болған жоқ", - делінген хабарламада.
"Қазселденқорғау" ММ қар көшкіні қаупінің жоғары дәрежесіне байланысты таяу күндері тауларға бармауды ұсынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу