Алматы тауларында жасөспірімнің үстіне тас құлаған

108

Алматыда құтқарушылар теңіз деңгейінен 3800 м биіктікте ауыр жарақат алған жасөспірімге көмектесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы тауларында жасөспірімнің үстіне тас құлаған Фото: ТЖМ

Ведомство мәліметінше, 10 тамызда Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің құтқарушылары "Тұйық Су" бақылау-құтқару пунктінен Медеу ауданындағы Титов шыңына аттанды. Онда үш бала бір ересек адаммен ілесіп, тауға көтерілген.

Жасөспірімдердің біріне таудан түсіп бара жатқан кезде тас құлаған.

Құтқарушылар 2009 жылы туған зардап шегушіге жетіп, білегі сынғанын анықтады. Жасөспірім есін біледі, өздігінен жүре алатындай жағдайда болған.

Бала іздестіру-құтқару бекетіне жеткізіліп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне табысталды. Жағдайы тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу