Алматы тауларында 18 жастағы турист құтқарылды

122

Ол күндіз достарымен бірге тауға шығып, бірақ топтан қалып, адасып қалған.

Алматы тауларында 18 жастағы турист құтқарылды Фото: Видеодан скриншот

"БАУ" бақылау-құтқару пунктінің экипажы қызметтік машинамен Проходное шатқалының тұрағына келіп, 3 сағаттай жаяу жүріп өтініш қалдырған жігітті іздеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде адасқан жігіт Терра алаңы маңында табылып, құтқарушылар оны тау жетегіне дейін сүйемелдеді. Тәжірибесі аз турист түн ішінде қатты тоңған. Бойынан тау ауруы белгілері білінген. Жас жігіт медициналық көмекке жүгінбеген. 

– Тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салады, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу