Алматы тауларында 2 турист құтқарушылардың көмегіне жүгінді

127

Оларға медициналық көмек қажет болмады.  

Алматы тауларында 2 турист құтқарушылардың көмегіне жүгінді Фото: Бейнежазбадан

Алматыдағы Аюсай сарқырамасы маңында екі турист өздігінен таудан түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға теңіз деңгейінен шамамен 2 500 метр биіктікте болған. Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары аттанып, туристерді қарсы алды.

Құтқарушылар олардың қауіпсіз түрде төмен түсуін ұйымдастырып, "Аюсай" визит-орталығына дейін жеткізді.

Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

Мамандар тауға шығар алдында ауа райын ескеріп, маршрутты алдын ала жоспарлауды және өз мүмкіндігін дұрыс бағалауды ескертеді. Сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтап, таулы аймақта абай болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу