Алматы тауларында 20 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

157

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ол 27 шілде күні таңертең тауға көтеріліп, сол күйі қайтып оралмаған. 

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр Фото: МК в Казахстане

Алматы маңындағы тауларда 20 жастағы жігіт жоғалып кетті. Сол күні кешкі сағат 23:02-де Медеу ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жігіт жоғалған күні тауда нөсер жаңбыр, бұршақ жауған, ал 4000 метр биіктікте қар түскені анықталған.

Құтқарушылар "Жастар" (4147 м), Титова және Т1 шыңдарын тексеріп шыққанымен, әзірге нәтиже жоқ. Операцияға Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары мен "Медеу", "Тұйық-Су" бекеттерінің құтқарушылары тартылды.

Іздестіру штабы Мыңжылқы шатқалында орналасқан. Қазіргі таңда дрондар мен иісшіл иттер жұмылдырылған.

– "Қазавиақұтқару" тікұшағы ұшуға дайын болғанымен, қолайсыз ауа райы – 1800 метрден жоғары қалың бұлт, найзағай мен секундына 20 метрге жететін қатты жел – әуеден іздестіруге мүмкіндік бермей отыр, – делінген ТЖД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу