Құтқарушылар Алматы тауларында туристерге көмек көрсетті Медеу ауданында, 3180 метр биіктіктегі Күмбел шыңында Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары өздігінен төмен түсуін жалғастыра алмаған 2007–2008 жылы туған үш жас жігітке көмек көрсетті.
Құтқарушылар туристерді аялдамаға дейін шығарып салды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
"Таулы жерге шығар алдында дене дайындығыңызды, денсаулық жағдайыңызды және ауа райы жағдайларын ескеріңіз. Өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда дереу көмекке жүгініңіз", – деп ескертті ТЖМ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу