Алматы тауларында адасқан екі жігіт табылды

238

Алматы тауларында адасып кеткен екі жігіт табылып, таудан түсірілді.  

Алматы тауларында адасқан екі жігіт табылды

Қалалық құтқарушыларға жоғалғандарды іздеу үшін бір сағатқа жетер-жетпес уақыт қажет болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2005 жылғы екі жігіт ТЖД-ның кезекші пультіне хабарласып, өздерінің адасқанын дер кезінде хабарлаған. Сондай-ақ өздерінің қай жерде тұрғанын көрсетіп, тауда түсірілген видеоны жолдауы іздеу жұмыстарын біршама жеңілдеткен. 

"Оқиға орнына келгеннен кейін құтқарушылар жас жігіттердің бірі аяғын жарақаттап алғанын анықтады. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматы мен Алматы облысындағы тауларда соңғы үш тәулікте 30дан аса қар көшкіні жүрген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу