Алматының Медеу ауданында Көкжайлауға бара жатқан жолда туристік бағыттан адасып қалған қызға ТЖМ құтқарушылары көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түнде турист қыз орман алқабына бұрылып, соқпақтан адасып қалған. Өздігінен жол таба алмаған қыздың орнына ТЖМ Республикалық "Барыс" құтқару қызметінің мамандары жіберілді.
Құтқарушылар туристі көп ұзамай тауып, қауіпсіз жерге жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ тауға шығар алдында маршрут пен ауа райын алдын ала зерттеп, жақындарға сапар бағыты мен қайту уақытын хабарлауды ескертеді. Сондай-ақ белгіленген соқпақтан шықпау, тауға жалғыз бармау және қуаты толық телефон алып жүру ұсынылады.
Төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.