Алматы маңындағы "Волчья гора" шыңында адасып кеткен 55 жастағы Грекия азаматы табылды.
"109" нөміріне 8 маусым күні сағат 21:37- де Грекия азаматы Г. "Волчья гораға" шығып, сол күйі оралмағаны туралы хабар түсті. 1968 жылы туған туристің жоғалып кеткені туралы ақпаратты ол тұрақтаған хостелдің иесі хабарлады. Айтуынша, турист оның телефонына орналасқан жері мен "қайтар жолдан адасқаны" жайлы хабарлама жіберген",- деп хабарлады құтқару қызметі.
Құтқарушылар соңғы геомәлімет бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізген. Турист түнгі сағат 01:11-де аман-есен табылды, медициналық көмек қажет болған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу