Алматы тауларында аэровизуалды зерттеу жұмыстары жүргізілді

345

Қар сызығы теңіз деңгейінен 2600-2700 метр биіктікте тұрақтаған.  

Алматы тауларында аэровизуалды зерттеу жұмыстары жүргізілді Фото: gov.kz

ҚР ТЖМ Алматы қаласының ТЖД-мен бірлесіп Іле Алатауы жотасының орталық бөлігіне аэровизуалды зерттеу жұмыстарын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша таулы аймақта айтарлықтай қар қоры анықталды. Мұздақ көлдердің жағдайы тұрақты, су айдындары қар астында, су ағыны байқалмайды.

Қазір жағдай тұрақты болғанымен, қар қорының көп болуы және температураның құбылуы алдағы сел қаупі кезеңінде күрделі ахуал қалыптастыратынын көрсетті. Ауа райы жағдайы, күрт жылыну немесе нөсер жауын-шашын сияқты негізгі қауіп факторы сел үдерістерін белсендіруі мүмкін. Мониторинг штаттық режимде жүргізілуде.

"Қазселденқорғау" ММ Алматы қаласында, Алматы және Жетісу облысында жарылу қаупі жоғары 14 мұздақ көлді анықтады. Аталған көлдерде мұздақ көлдерді босату бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу