Алматы тауларында аяғын қайырып алған қызды құтқарушылар құтқарды

286

Ол Үлкен Алматы көлінен жоғары орналасқан аумақта жарақат алған.  

Алматы тауларында аяғын қайырып алған қызды құтқарушылар құтқарды Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Алматы тауларында 2003 жылғы қыз аяғын қайырып алып, өздігінен төмен түсе алмай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Бостандық ауданында, Үлкен Алматы көлінен жоғары орналасқан шекара заставасы маңында болған. Қыз теңіз деңгейінен 2511 метр биіктікте тауда жүрген.

Оқиға орнына Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Құтқару қызметінің мамандары жетіп, қызды қауіпсіз жерге дейін түсірді.

Құтқарылған қыз кейін туыстарымен бірге үйіне қайтқан. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлап, қажетті жабдықтарды алып жүруге және өз мүмкіндігін дұрыс бағалауға шақырады. Төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу