Алматы маңындағы тауларда аяғы мен қолы сынған турист құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгін кешке шатқалда зардап шеккен адам туралы хабарлама келіп түсті. Іле Алатауының Башут шыңында құлаған 21 жастағы ер адамға көмек қажет болды.
Оқиға орнына келген ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары туристке алғашқы көмек көрсетті.
Содан кейін альпинистік жабдықтар мен зембілдің көмегімен зардап шеккен адам 3400 метр биіктіктен эвакуацияланып, жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу