Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді

451

Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко Алматыда тау бөктеріндегі бәйшешектердің гүл жарған сәтін түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді Фото: видео скриншот

"Жыл сайын Алатау шафранын суретке түсіремін және әрдайым әртүрлі шығады. Бұл жолы қар мен мұз арасынан гүлдеген бәйшешектерді түсірдім. Нәзік гүлдің жылу мен күнге қалай жол табатыны таңқаларлық", - деп бөлісті Дмитрий Доценко Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Алатаулық шафран (Crocus alatavicus) гүлі "Қызыл кітапқа" енгізілген.

Қазақстанда крокус Ақсу-Жабағылы және Алматы қорықтарында, Берікқара және Қарақоңыз ботаникалық қорықтарында, Іле-Алатау және Алтын-Эмл ұлттық табиғи парктерінде қорғауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу