Алматы тауларында бақылау күшейтілді

113

"Шымбұлақтағы" жағдайдан кейін тұрғындарға тауға шығуға тыйым салынды.  

Алматы тауларында бақылау күшейтілді Фото: facebook.com/shymbulakmountainresort

Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты бақылау-өткізу бекеттері орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"18-20 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар еріп, тұрақсыз қар жамылғысы мен оның биіктігіне байланысты көшкін жүру қаупі жоғары", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Медеу және Аюсай бөгеттерінің үстінде тұрғындар мен көліктердің қозғалысын шектеу үшін бақылау бекеттері қойылды.

Төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазселденқорғау" басқармасы қала тұрғындарына, туристер мен қонақтарға таулы аймақтарға бармауды қатаң ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу