Алматы тауларында бір тәулікте 18 рет қар көшкіні жүрді

Зардап шеккендер жоқ, көшкін қаупі әлі де сақталады.  

Алматы тауларында бір тәулікте 18 рет қар көшкіні жүрді Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, Алматыда бір тәуліктің ішінде Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде 18 рет өздігінен қар көшкіні жүрді. Оның  жалпы көлемі - 29 мың текше метр.

"Қар көшкіні адам жүрмейтін таулы аймақтарда жүрді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өзен арналары мен жолдарға қар түспеді. Қар көшкіні қауіпі туралы алматылықтар мен қала қонақтары қаланың медиабордтары ескертуде, онда тауларда көшкін қаупі туралы хабарлама таратылады, ұялы телефондарға  SMS хабарламалар жіберілді", – деп хабарлады ТЖД.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Үлкен Алматы көлінде және Шымбұлаққа баратын автожолдар мен түрлі маршруттарда блок-бекеттер қойылған. Яғни, жолдар жабық. 

"Қазселденқорғау" және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті осы уақытта таулы жерлерге бармауға, қарлы беткейлерден сақ болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу