Алматы тауларында блок-бекеттер қойылды

1300

Шаһарда профилактикалық қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілуде. 

Алматы тауларында блок-бекеттер қойылды

Таулы жерлерде жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты, сондай-ақ тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 12 ақпанда "Шымбұлақ" тау-шаңғы кешені аумағында орналасқан "Конус" шатқалында қар көшкінін профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады inbusiness.kz Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

"Жарылыс жұмыстары көшкінге белсенді әсер ететін "Avalancher Type 1732" пневматикалық қондырғысының көмегімен жүргізіліп, нәтижесінде 5 мың текшеметр қар түсірілді. Профилактикалық қар көшкінін түсіру жұмыстарына "Шымбұлақ" ТШК, Алматы қалысының Төтенше жағдайлар департаменті, "Қазселденқорғау" ММ АҚПТБ, "География институты және су қауіпсіздігі" АҚ мен "Қазгидромет" РМК мамандары қатысты. Сонымен қатар, таулы жерлерде қар көшкіні қаупінің барына байланысты және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында "Шымбұлақ" ТШК жоғары және Үлкен Алматы өзені бассейнінің "Аюсай" шатқалында автокөліктер мен адамдардың өтуін шектеу үшін
блок-бекеттер қойылғанын хабарлаймыз", - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ, ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын тауға барудан бас тартуға, ауа райының жағдайын бақылауға, қар көшкінін тудыруы мүмкін тік қарлы беткейлерге шықпауға, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу