Алматы тауларында екі қыз адасып кетті

448

Туристер Көк жайлаудан түскен кезде адасып кеткен.

Алматы тауларында екі қыз адасып кетті Фото: ҚР ТЖМ

21 тамызда сағат 1:20-да ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне ер адамнан оның таныстарының тауда жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

РЖҚЖ жедел тобы өтініш берушілерден геолокация бойынша Казачка өзенінің шатқалына қарай шақыруға шықты. Сағат 2:20-да құтқарушылардың жедел тобы қыздарды тауып алды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Құтқарушылар оларды аман-есен төмен түсірді. Туристердің Көк жайлаудан түскен кезде адасып кеткені белгілі болды.

ТЖМ құтқарушылары тауға шықпас бұрын болжамды маршрутты, қиындық дәрежесін, саяхат уақытындағы ауа райы болжамын біліп алуды еске салады. 

"Жоспарланған маршруттан ауытқымаңыздар", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу