Алматы тауларында екі жас турист тауға шығып, адасып кетті

168

Құтқарушылардың көмегімен олар аман қалды. 

Алматы тауларында екі жас турист тауға шығып, адасып кетті Фото: бейнеден скриншот

Алматы облысында екі турист тауға шығып, адасып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"11 тамызда 22-25 жас аралығындағы екі жас турист, олардың бірі Ресей азаматы Үлкен Алматы шыңына серуенге шыққан, бірақ маршрутты білмегендіктен, олар жолдан адасып, 112 нөміріне хабарласып көмек сұрады", делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздестіру жұмыстары Үлкен Алматы шыңының етегінде жүргізді.

12 тамызда туристер Екіөзек өзенінен жоғары тау шыңының шығыс жағындағы бастиондарда 2 700 метр биіктікте табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу