Оқиға Үлкен Алматы көлі маңында болғаны хабарланды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Жағдайды анықтау үшін мамандар таулы аумаққа барып, тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде №12 көшкін жиналатын аумақтағы жартасты беткейден тас құлағаны анықталған.
"Тастардың құлауына тау жыныстарының табиғи үгітілуі, температураның өзгеруі және жауын-шашын әсер еткен. Құлаған жыныстар жолға дейін жетпеген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, нысандарға да зақым келмеді", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.