Алматыда қар көшкіні астында қалған әйел құтқарылды

39 жастағы турист Алмарасан шатқалында жоғалған.  

Алматыда қар көшкіні астында қалған әйел құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, турист көлікке қарай беттегенде телефоны мен бақылау таяқшаларын жоғалтып алды. Кейін қар көшкіні жүріп, әйел жоғалып кеткен.

Бірақ қардың көлемі аз болып, көшкін саяхатшыны төмен қарай алып кеткен.

Жақындары оның жоғалғаны туралы 9 қаңтар күні таң атқанда ғана құтқарушыларға хабарлапты. Бір тәулікке жуық уақыттан кейін саяхатшы тірі табылып, медициналық бригадаға тапсырылды.

"2023 жылғы 9 қаңтарда сағат 5 шамасында ҚР ТЖМ "РЖҚЖ" ММ кезекші бөліміне Алмаарасан шатқалында жоғалған әйел туралы шақыру келіп түсті. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинологиялық есептоптан тұратын жедел топ автомобиль техникасының екі бірлігі құтқаруға шықты. РЖҚЖ қызметкерлері туристі түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеді. РЖҚЖ-дан басқа бірнеше еріктілер ұйымдары, соның ішінде "Доброспас" және "Лидер", сондай-ақ "Құтқару қызметі" қатысты. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты. Түнгі сағат 4-ке таяу зардап шеккен турист табылды және барлық іздеу топтары берілген координаттарға қарай жылжыды. РЖҚЖ құтқарушылары барлық қажетті көмек көрсетіп, туристті Проходное шатқалына тасымалдауды бастады. Тасымалдау аяқталғаннан кейін зардап шегуші АМО бригадасына берілді", – деп хабарлады ҚР ТЖМ "РЖҚЖ" ММ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар ескертеді: қолайсыз ауа-райында қауіпті демалыс орындарына бармаңыз! Табиғатқа шықпас бұрын өз мүмкіндіктеріңізді есептеп, ауа-райының жағдайымен танысып, төтенше жағдайда өзіңізді қажетті заттармен қамтамасыз ету қажет. Өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте пауэрбанк, сіріңке болуы керек. Сондай-ақ, баратын жеріңіз туралы туыстарыңызға хабарлауды ұмытпаңыз.

Тауға шықпас бұрын жедел телефондарды жазып алыңыз:

372-15-60 - ҚР ТЖМ "РЖҚЖ" ММ жедел кезекші бөлімінің телефоны немесе 112.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу