Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар

462

Алматы облысының тауларында 01-05 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады. Бұл туралы қала тұрғындарын Төтенше жағдай департаменті ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар Фото: egemen.kz

"ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар", - делінген департамент хабарламасында.

Айта кетейік, қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу