Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сейілген жоқ

215

Мамандар қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. 

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сейілген жоқ Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысының тауларында 15 – 18 сәуір күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қар көшкіні қаупіне байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристер мен демалушылардан қарлы беткейге шықпауды сұрап, таулы жерде бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

"Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қардың мол түсуіне байланысты болады", - деп ескертті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу