Алматы тауларында қар көшкіні кезінде қалып қойған шаңғышылардың бірі қайтыс болды

422

Құтқару қызметі қайғылы оқиғаның қалай болғанын түсіндірді.

Алматы тауларында қар көшкіні кезінде қалып қойған шаңғышылардың бірі қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Алматы тауларында қар көшкіні астында қалып қойған екі шаңғышының бірі қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласының құтқару қызметі хабарлады. 

"15 қазанда сағат 17.20-да Алматы қаласы әкімдігінің "Тұйықсу" ММ-нің 109 жасағының құтқарушылары қар көшкіні салдарынан қаза тапқан азаматтың денесін алып кету үшін Тұйықсу шыңының сол жақ бөлігіне көтерілді", - деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, Р. мен К. есімді азаматтар Тұйықсу мұздығында шаңғы тепкен.

"Қ. алдымен шаңғымен түсіп, қар көшкінінің салдарынан қар астында қалып қойды, екінші азамат сол жерге қауіпсіз еңіспен түсіп, оны қар құрсауынан алып шықты", - деп хабарлады құтқарушылар.

Құтқару қызметінің мамандары мәйітті Шымбұлаққа түсіріп, кейін Медеу аудандық полиция бөлімінің жедел тобына тапсырды. Екінші жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық. Оқиғаның жай-жапсары тергеу шараларынан кейін нақтыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу