Алматы тауларында қар көшкіні түсу қаупі бар

311

Көшкіндер адам жүрмейтін жерлерге түсті, басым бөлігі таулардың баурайында тоқтады.

Алматы тауларында қар көшкіні түсу қаупі бар Фото: canva.com

2-5 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайға және биіктігіне байланысты қар көшкінінің түсу қаупі сақталады. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көшкін қаупі аймағына адамдардың өтуіне шектеу мақсатында: "Алматы қ.-Космостанция" автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары, және – "Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы" автожолындағы Эдельвейс көшкін жинау ауданында блок-бекеттер орнатылған.

Көшкін қаупі кезеңінің басынан жолдардың алдын ала жабық учаскелерінде және адамдар өтпейтін аумақтарда жалпы көлемі 740 мыңнан астам текше метрден асатын 136-дан астам қар көшкіндердің өздігінен түсу жағдайлары орын алды.

Өз кезегінде, қар көшкінінің профилактикалық түсіруі жүргізілді, жарылғыш әдіспен 9 200 текше метрден астам қар массасы түсірілді, абырой болғанда зардап шеккен адам жоқ.

Көшкіндер адам жүрмейтін жерлерге түсті, басым бөлігі таулардың баурайында тоқтады.

Алматы қаласы ТЖ Департаменті мен полиция департаментінің, Қазселденқорғау қызметкерлері қатарынан Блокпост қою арқылы халықтың қолжетімділігін шектеу бойынша шаралар қабылданды.

ТЖД мен Қазселденқорғау алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына алдағы күндері тауға шықпауыңызды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу