Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

1067

Алдағы аптада Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. 

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар Фото: massaget

Қауіп-қатерден сақтану үшін Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мен "Қазселденқорғау" қызметкерлері демалыс орындарының аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кей жерлерге блок-бекеттерін орнатты. Халықтың қауіпсіздігін сақтау мақсатында “Пионер” тау курорты жабылды.

Қаланың төтенше жағдай департаментінің дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері 60 рет көлемі 62 мың текше метрден асатын қар көшкіні болған. Зардап шеккендер болған жоқ. “Қазселденқорғау” мекемесі тұрғындарды 28-наурызға дейін таулы жерлерге бармауға және қарлы беткейлерге шықпауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу