Мегаполисте дауылды ескерту жарияланды, деп жазды inbusiness.kz.
"Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің алқаптарында 2-4 сәуірде қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Осыған байланысты қалалық ТЖД Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына тауға барудан бас тартуға шақырады", – деп жазылған ТЖД таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғындарын көшкін қаупі туралы хабардар ету SMS-хабарламалар, БАҚ арқылы, сондай-ақ магистральдық жолдар бойында орналасқан қаланың 65 ірі медиабордымен біріктірілген "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу