Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, алдағы күндері тауда қар көшкіні жүру қаупі жоғары.
"Қазгидрометтің №4 дауылды ескерту негізінде 24-25 ақпан аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығуға болмайды. Мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс", – деп хабарлады департаментте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу