Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

81

Бұл туралы ТЖМ хабарлады. 

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін Фото: Караван

14 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына дауылды ескерту жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"2024 жылдың 13-15 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашын түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салды:

  • Маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз.
  • Қар көшкіні, сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе қатты жауын-шашыннан кейін.
  • Жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек.
  • Бұл ретте ұзақ қашықтыққа гүрілдеген ағыны қар көшкіні мен селдің өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастардың ұшыратуы мүмкін екені есте сақтаңыз.

Әрқашан есіңізде болсын, қар көшкіні мен сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады.

112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, қар көшкіні мен сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.

Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу