Көшкін қаупі аймағына адамдардың өтуіне шектеу мақсатында "Алматы – Космостанция" автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және "Шымбұлақ – Тұйықсу мұздығы" автожолындағы Эдельвейс ауданында блок-бекеттер орнатылған.
"Көшкін қаупі кезеңінің басынан жолдардың алдын ала жабық учаскелерінде және адамдар өтпейтін аумақтарда 110 рет жалпы көлемі 490 мың текше метрден асатын қар көшкіндердің өздігінен түсу жағдайлары тіркелді. Өз кезегінде, қар көшкінін 20-дан астам профилактикалық түсіру жүргізілді, жарылғыш әдіспен 50 мың текше метрден астам қар массасы түсірілді, абырой болғанда зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ТЖД.
Бостандық ауданының ТЖ басқармасы Іле-Алатау ұлтық паркіне аттанған демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Қазселденқорғау" ММ-мен бірлесіп Алмарасан, Аю сай бекеті көшкін және тас құлау қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Бостандық ауданы ПБ қызметкерлері, "Визит" орталықтың мамандары адамдардың өтуіне жол бермеу үшін бекеттер орнатты.