Алтын-Емел ұлттық табиғи саябағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аюдың видеосын ұлттық парк Instagram-дағы ресми парақшасында жариялаған.
"2023 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының зоолог мамандарының көмегімен, WWF (Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры) қаражаты есебінен "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Дегерес тауында суды үнемдеу және жабайы аң-құстарды сумен қамтамасыз ету мақсатында автоматты түрде науаға су құйылып тұратын көлемі 3,0 тонналық ыдыс орнатылған болатын. Осы суатқа МҰТП-ң ғылыми, ақпараттық және мониторинг бөлімінің қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарының барысында орнатылған фототұзаққа Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы келіп су ішкені туралы бейне жазбалары түсірілген", - делінген жазбада.