Алматы тауларында от жаққандарға 3 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Іле - Алатау ұлттық паркінде орман өрттерінің алдын алу шаралары қолдануда. 

Алматы тауларында от жаққандарға 3 млн теңгеден аса айыппұл салынды Фото: Алматы ТЖД

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Іле-Алатау ұлттық паркі бас директорының орынбасары Дархан Исабеков айтып берді.

Ұлттық парк қызметкерлерімен, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарымен және ТЖД, табиғатты қорғау полициясымен бірлескен рейдтер жүргізілуде. Рейд барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 7 адам және  орман қорын қоқыс қалдықтарымен ластау бойынша 5 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 1 380 000 теңге сомасына айыппұл салынды.

Сонымен қатар, 2023 жылдың басынан бастап орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 17 әкімшілік хаттама жасалып, 17 жеке тұлға жауапқа тартылды, қала бойынша – 12 жеке тұлға, айыппұл мөлшері 2 415 500 теңге. Жалпы ұлттық парк бойынша айыппұл сомасы - 3 277 500 теңге

"Көкжайлау шатқалы - туристер мен демалушылар үшін танымал демалыс орны. Ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және табиғатты таза ұстау мақсатында ұлттық парк қызметкерлерімен сенбілік ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, тамақ дайындау үшін жер пайдаланушыларға  арнайы жабдықталған орындарда  от жағуға рұқсат етіледі", - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар түнгі уақытта саябақ аумағында кезекшілік ұйымдастырылады. Ұлттық парк өкілдері қоқыс жинау инспекторлардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтінін атап өтіп, демалушыларға қоқысты қалдырмауды, тазалық пен тәртіпті сақтауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу