Алматы тауларында шетелдік азамат жоғалып кетті: Полиция іс қозғады

449

Шетелдік азаматты іздеу бойынша криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен кинолог-мамандар енген арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Алматы тауларында шетелдік азамат жоғалып кетті: Полиция іс қозғады Фото: Polisia.kz

Алматыда шетелдік туристің жоғалып кету дерегі бойынша іздестіру ісі қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шетелдік азаматты іздеу бойынша барлық полиция бөлімшелеріне бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар волонтерлердің ресурстары барынша пайдаланылуда. Қазір қолда бар ақпаратқа сәйкес, Аустралия азаматын 21 мамырда Үлкен Алматы көлі маңында көрген. Ер адам Космостанцияға қарай бет алған. Аталған аумақты ескере отырып, тікұшақ бригадалары мен республикалық жедел-құтқару жасағының күштері тартылды. Бейнебарлау дрондармен жүргізіліп жатыр", - деді Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу