Алматы тауларында шетелдік студент адасып кетті

304

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Көкжайлау шатқалы маңында таудан түсіп келе жатқан туристердің бірі топтан қалып қойып, байланысқа шықпай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы тауларында шетелдік студент адасып кетті Фото: ТЖМ

Өтініш берушілердің мәліметінше, оның ұялы телефоны байланыс аймағынан тыс жерде болған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жедел түрде аттанды. Оқиға орнына жеткеннен кейін құтқарушылар таулы аумақты тексеруге кірісті. Іздестіру жұмыстары түнгі уақытта, көріну мүмкіндігі шектеулі жағдайда жүргізілді.

– Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде Көкжайлау шатқалынан төмен орналасқан аумақта туристік топтан қалып қойған Иран азаматы, студент табылды. Жас жігіт тау беткейінде ұйықтап жатқан. Тексеру барысында оған медициналық көмектің қажет еместігі анықталды, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізіп, таудан аман-есен түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу