Алматы тауларында тас құлауынан төмен түсе алмаған 2 қыз құтқарылды

295

Оқиға Терешкова шыңы маңында орын алған.

Алматы тауларында тас құлауынан төмен түсе алмаған 2 қыз құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Алматыда Терешкова шыңы маңында тас құлауына байланысты төмен түсе алмай қалған екі қыз құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биіктігі 3445 метр болатын шыңға көтерілген бойжеткендерге көмек көрсету үшін Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жіберілді. Хабарлама "109" пультіне түскен.

Құтқарушылар шыңның астында тұрған топпен көзбен байланыс орнатып, түнде іздеу жұмыстарын жалғастырды. Нәтижесінде екі қыз табылып, қауіпсіз жерге түсірілді.

Таңертең олар экологиялық бекетке дейін жеткізіліп, туыстарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу