Алматы тауларында турист жардан құлап кетті

111

Алматы қаласының Медеу ауданында құтқарушылар тауда жарақат алған туристі эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы тауларында турист жардан құлап кетті Фото: Бейнежазбадан

ТЖМ мәліметінше, Мыңжылқы шатқалында теңіз деңгейінен 3020 метр биіктікте орналасқан Малыш шыңынан түсіп келе жатқан туристік топ мүшелерінің бірі жартастан құлап, жарақат алған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 19 жастағы зардап шегушіні тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны қауіпсіз жерге жеткізіп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандарына тапсырды.

Топтағы қалған үш турист құтқарушылардың сүйемелдеуімен қауіпсіз жерге шығарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу