Алматы тауларында туристерге арналған 15 бекет салынады

1005

Тауға шығуға арналған "TAU Go" смарт-навигаторы түріндегі қосымшаны іске қосылмақ, ол ТЖД базасымен интеграцияланады.

Алматы тауларында туристерге арналған 15 бекет салынады

Алматы маңындағы тауларда туристерге арналған арнайы бекеттер салынып, онда Wi-Fi-ды пайдалануға, телефонды қуаттауға, дәрі қобдишасы мен азық-түлік жиынтығын алуға болады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, соңғы 3 жылда мегаполиске жақын орналасқан тау шатқалдарына қала тұрғындары мен қонақтары жиі баратын болған. Тау туризміне деген қызығушылық, әсіресе, пандемия кезінде арта түскен. Саяхатшылардың көбі Іле-Алатау ұлттық паркіне барады. Мысалы, тек сәуір және мамыр айларында Ұлттық паркке 77 мыңнан астам адам келеді. 2021 жылдың басынан бастап таудағы жедел-құтқару жасағының мамандары 26 адамды құтқарды.

"Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз және жайлы демалуы үшін қажетті жағдайлар жасау жоспары әзірленді. Тау бағыттарының шалғай тораптық учаскелерінде жаздың соңына дейін туристердің  тұратын 15 бекет салынады. Бүгінде дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, құтқару отрядтары үшін дабыл түймелері бар 10 арнайы құрылғы орнатылады", – деді басқарма басшысы.

Аталған бекеттерде туристер түнеп, ауа-райы құбылған кезінде жылына алады.  Сондай-ақ, онда алғашқы медициналық көмек жинағы, маршрут карталар, мобильді құрылғыларды зарядтау станциясы, көрпе және азық-түлік жиынтығы болады.

Бекеттерде SOS спутниктік сигналын құтқарушылар пультіне беретін дабыл түймелері бар құрылғылар орнатылады, олар Wi-Fi тарату функциясымен жабдықталған.

"Қазіргі кезде тау қауымдастығымен бірлесіп келесі шатқалдарда локациялар пысықталуда: орта және Талғар, Кімасар, Тұйықсу, жоғарғы Горельник, Үлкен Алматы шатқалы, Шүкір және Проходное", - деді Сабина Аманкелді.

Жалпы, туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру және тауға шығу үшін "TAU Go" смарт-навигаторы түріндегі қосымшаны іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол ТЖД базасымен интеграцияланатын болады.

Бұған қоса, Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында тау құтқарушыларының жасағы тәулік бойы кезекшілік етеді, сондай-ақ Тұйықсу шатқалында тікұшақ алаңы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар тауға барар жолдар да жөнделеді. Бүгінде 500 шақырым жол абаттандырылып, 1000 шақырым тау жолдары цифрландырылды.

"Бағыттар бойынша 26 ақпараттық стенд, 154 көрсеткіш, 80 ақпараттық қалқан, 14 ақпараттық баған, 163 орындық және 68 күрке орнатылды. Барлық навигациялық стендтерде QR-кодтары бар, онда туристер маршруттың күрделілігімен, оның ұзақтығын және жету уақытын анықтай алады", - деп түйіндеді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу