Алматы тауларында үш турист құтқарылды

439

Олар 1986, 1998, 1982 жылы туған үш ер адам. 

Алматы тауларында үш турист құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ

2023 жылғы 28 мамыр күні сағат кешкі 19:49-да ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Алматы қаласы ТЖД-нан "Три Брата" шыңы ауданында үш ер адамның жаңбырдың астында қалып қойып, үстілері су болып, олардың біреуі өзін  нашар сезіне бастағаны туралы хабарлама келіп түсті.

8 адамнан тұратын РЖҚЖ  құтқару тобы жедел түрде іздеуге жолға шықты. Сағат 22:58-де құтқарушылар Көк-Жайлау ауданынан екі туристті тауып, РЖҚЖ жедел көлігіне  жеткізді, үшінші адам өз бетінше түсті.

Туристердің біріне құтқарушы-медбике алғашқы медициналық көмек көрсетті, ол суықтап қалған және аяғын жаралап алған.

ТЖМ құтқарушылары тауға шығу ережелерін еске салады.

Тауға жалғыз бармаңыз, бұл қауіпті. Жаяу серуендеудің негізгі бөлігін таңертең жасаңыз. Туристке қажетті заттардың ішінде міндетті түрде өзіңізбен: су, қосалқы киім жиынтығы, қуатталған қосымша қуат көзі, су өткізбейтін пакеттегі сіріңке және міндетті түрде алғашқы көмек жинағы болуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу