Алматы тауларында үш жасөспірім адасып кетті

454

Олар Құмбел шыңынан табылды.

Алматы тауларында үш жасөспірім адасып кетті Фото: ҚР ТЖМ

15 тамызда үш жасөспірім таңертең тауға шығып, сағат 18.30-да ата-аналарына төмен түсіп бара жатқанын хабарлаған, содан кейін телефон байланысы өшіп қалған, деп хабарлайды  Inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 00.15-те ТЖМ құтқарушыларына жас жігіттердің бірінің әкесі қоңырау шалды.

Туристер тобын іздеуге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты. Сағат 4:35-те жасөспірімдер тобының бірі әкесіне адасқандары туралы хабарлама жазып, геолокацияны жіберді. Іздеуге туыстары қосылды. Сағат 08:25-те ТЖМ құтқарушылары Күмбел шыңынан балаларды аман-есен тауып алды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Жасөспірімдердің бірінің әкесі құтқарушыларға жұмысы үшін алғысын білдірді.

"Тауға бір күнге болса да баратын туристерге ТЖМ құтқарушылары таулардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларын мұқият зерделеуді ұсынады: тауға жалғыз бармаңыз, туыстарыңыз бен жақындарыңызға маршрутыңыз бен қайту уақытыңыз туралы ескертуді ұмытпаңыз. Ыңғайлы киім мен аяқ киім таңдаңыз. Өзіңізбен бірге алып жүру керек нәрселердің ішінде: жылы заттар, ұялы телефонға арналған қосымша қуат көзі, су өткізбейтін пакетте фонарь мен сіріңке болуы керек. Сондай-ақ, өзіңізбен бірге GPS навигаторы болған жөн", делінген ТЖМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу